Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Елорда әкімдігі ЖОО бітірген түлектерді тәжірибеден өтуге шақырады

2019 жылдың 2 тамыз 2019 14:58 171

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жанындағы «Жастар практикасы» ұйымымен колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері үшін ақылы тәжірибе өту ұйымдастырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Бағдарламаның мақсаты – түлектердің алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына, кәсіби білімдерін арттыруына, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға ықпал ету болып табылады.

Бағдарламаға қатысушыларға еңбекақы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен төленеді және қатысудың ең көп мерзімі 6 айдан аспайды. Айлық еңбекақысының көлемі - 70 139 теңгені құрайды.

Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың басынан Жастар практикасына оқу орындарының 591 түлегі қатысуда. Жалпы, 2019 жылы аталған бағдарламаға 1200 жас түлек қатысады деп күтілуде.

Байланыс телефондары: 57-88-86, «Өркен» БО, Бейбітшілік, 25 мекен-жайы бойынша.



Жоғары қарай