Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елорда әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық кеңістікті бірге дамытады

2019 жылдың 23 қазан 2019 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдар ПИК пен қоғамдық кеңістікті бірлесе дамытатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада қиын жағдайға тап болған адамдар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын, әлеуметтік кәсіпкерлік пен волонтерліктің дамуы жөнінде үкіметтік емес ұйым өкілдері айтып берді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов кездесуге қатысқан барлық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. Кездесу «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті.

«Қорғау Астана» жеке қорының басшысы Анна Рыль үйінде зорлық-зомбылықты бастан кешкен және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қажет екенін атап өтті.

«Біз тұрғындар тап болған әрбір оқиғаға жауапкершілікпен қарап, соңына дейін жұмыс істейтін кейс ретінде қабылдаймыз . Орталықта адамдар 6 айға дейін тұра алады. Келушілермен психологтар жұмыс істейді», - дейді ол.

«Дос» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілі Ардақ Отарбаев жол-көлік оқиғасынан кейін мүгедектер арбасына таңылған. Алайда би жарыстарында өнер көрсетіп, қоғамда белсенділік танытып жүрген жандардың бірі. Қала әкімі Алтай Көлгінов барлық мүгедек жандардың жүріп-тұруына кедергілерді алып тастау қажеттігін айтып, « қала өмір сүру үшін қолайлы болуы тиіс» деп атап өтті.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру шаралары туралы GreenTAL жетекшісі Эмин Аскеров айтып берді. Сондай-ақ, кеңесте «28 петель» клубының жұмысы талқыланды. Аталмыш клуб шала туған балаларға киім-кешек тігумен айналысады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысушыларға алғысын айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Өз ұсыныстарын да айтып өтті.

« Мен осындағы әр адамнан нақты ұсыныстар мен жобаларды естігеніме өте қуаныштымын. Біз бірге жұмыс істеп, көптеген игі істерді бірлесе атқара аламыз. Биыл белсенді ҮЕҰ саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 273-тен 471-ге жетті. Қоғам үшін пайдалы жобаларды ілгерілететін ҮЕҰ бар екені қуантады. Президент 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. ПИК жұмыстарын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамын. Өйткені ПИК - жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру ұйымы. Маңызды нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Сондай-ақ қалалық қоғамдық кеңістікті бірге дамыта аламыз», - деді қала әкімі А. Көлгінов.










Жоғары қарай