Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Елорда әкімдігі: Автобуста жарақат алғандарға көмек туралы жалған ақпарат тарап жатыр

2019 жылдың 26 наурыз 2019 14:26 939

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы автобустар апатынан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан тапсыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ірі көлік апаты салдарынан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан тапсыру қажеттігі туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты пациенттерге сапалы ем-дом көрсету үшін барлық қажетті заттар клиникада бар екенін ресми түрде жариялаймын. Бұл тұрғыда дүрбелең тудырудың реті жоқ», - делінген қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәліметінде.

Айта кетейік, Елордадағы ірі көлік апаты бойынша полиция тергеу амалдарын бастады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан зардап шеккендер саны 27-ге жетті.

Еске салсақ, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

 

 

Жоғары қарай