Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -26 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Элизабет Тұрсынбаева Словакиядағы халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

2018 жылдың 23 қыркүйек 2018 19:47 490

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакия астанасы Братиславада мәнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela Trophy-2018 халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Қысқа бағдарламадан соң Тұрсынбаева жапондық Рики Кихираны ғана алға жіберіп, екінші орын алған болатын. Біздің спортшымыз жалпы есептегі жүлделі орнын сақтап, екі бағдарлама бойынша 192.30 ұпай жинады.

Алтын медаль 218.16 ұпай иеленген Кихираның еншісінде. Ал қола жүлдені 180.02 ұпай жинаған ресейлік Светлана Константинова жеңіп алды.

Айта кету керек, бұл Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай