Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 04:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 26 наурыз күні Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Қарағанды, Орал және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай