Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Еліміздің оңтүстігі Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 21:22

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Мақта теріміне жергілікті тұрғындары тартылып, келісіне 30 теңгеден еңбекақылары берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі «Нұржан» шаруа қожалығы 5,8 гектар жерге «Мақтаарал 47/27» мақта сортын еккен. Бүгінде қожалық 27 центнерден өнім алып, «Қарақыр» мақта қабылдау пунктіне өткізбек. Жалпы биыл мақтааралдық шаруалар 38 мың гектардан аса жерге мақта шитін сепкен болатын. Былтыр ауа-райының қолайсыздығы мен мақта зиянкестерінің көп болуына қарамастан, ақ алтыннан 96 мың тонна өнім жиналған еді. Орташа өнімділік 25 центнерге әрең жеткен болатын. Ал, биыл бұл межеден асамыз деген жоспарын ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамданов жасырмады. «Қазіргі таңда мақта алқаптарында жапырақтарды қурату жұмыстары басталып кетті. Аудан бойынша 7842 гектар ғана мақталық алқап дефолиацияланған. Бұл - өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, шаруаларға түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізудеміз. Күні кеше ғана аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен дәл осы мәселе бойынша семинар-кеңес өткіздік», - деді Ө.Мырзамданов.Айта кетейік, өткен жылы ауданда мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет шаруаларға қызмет көрсеткен. Биыл да бұл өндіріс орындары жиын-терім науқанына дайын. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларына мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 4420 тонна жанар жағармай бөлініп, «Sapali Munai» ЖШС-і арқылы 1560 тонна, «РосАзияНефть» ЖШС-і арқылы 1430 тонна, «Standart Oil Petrleum» ЖШС арқылы 1430 тонна жанар жағармай шаруаларға таратылуда. Мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қосымша ауданымызға АҚШ-тан 16 дана «Джон-Дир» мақта терім комбайны сатып алынған. Сондықтан, былтырғыға қарағанда биыл мақта терім комбайндарынан қиындықтар тумайтынын ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы атап өтті.Жалпы жыл басынан бері мақтааралдық диқандар 414 миллион теңгеге лизингке және өз қаржыларына 40 дана әртүрлі жаңа техникалар сатып алған. Мұның бәрі күзгі жиын-терім науқанының сәтті өтуіне ықпалын тигізеді деп күтілуде.
















Жоғары қарай