Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Еліміздің қоларба бишілері әлем чемпионатына жолдама алды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 20:43 749

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландының Кёйк қаласында өткен қоларба бишілері арасында әлем чемпионатына лицензия беру халықаралық турнирі аяқталды. Еліміздің қоржынында жалпы  саны 14 медаль бар. Бұл туралы елордалық мүмкіндігінен айырылған спорт мектебінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Карина Дүйсенова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті. 

Қоларбаға таңылған жандар арасында биден өтетін әлем чемпионатына лицензия беру турнирі осы жылдың 19-21 сәуір күндері өтті. Оған әлемнің 15 елінен 85 үміткер қатысты. Әлемдік би бәсекесінде ел намысын қорғаған қазақстандық команда құрамында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Алматы мен Қарағанды облыстарының спортшылары бар.

«Біз халықаралық заманауи және спорттық би жүйесіне сәйкес дайындалдық. Әрине біраз тер төгуді талап етті, өз басым жаттықтырушы ретінде нәтижеге ризамын. Біздің команда барлық саны 14 медаль иеленді. Оның ішінде елордалық қоларба бишілерінің өзі халықаралық турнирден 7 жүлдені қоржындарына салды, оның 3-і күміс, 4-і қола медаль. Біздің басты қарсыластарымыз Украина мен Беларусь елдерінің өкілдері болды. Қобалжығанымыз рас, дегенмен бәсеке басталғанда қорқыныш өздігінен сейілді. Нағыз бәсеке алда, биден әлем чемпионатына аты айтып тұрғандай үздіктер жиналады. Бізде бір ғана мақсат бар дайындықты күшейтіп, айтулы бәсекеде еліміздің намысын лайықты түрде қорғау», - деді Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Әлия Түсіпбекова.



null 

null 

null 

 

Автор: Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай