Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 11:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлердегі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-ында жарияланған ақпаратында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті жолының 16-200 (Нұр-Сұлтан-Павлодар обл. шекарасы) шақырымы, Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 105-123 (Шемонаиха-РФ шекарасы) шақырымы, Алматы-Өскемен жолының 967-1068 (Қалбатау-Қ.Қайсенов) шақырымы, Омбы-Майқапшағай жолының 910-1002 (Қалбатау-Көкпекті)(жүк және қоғамдық көліктерге шектеу қойылған) шақырымы, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 (Белоусовка-Риддер) (жүк және қоғамдық көліктерге шектеу бар) шақырымы, Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 15-105 (Глубокое-Шемонаиха) (жүк және қоғамдық көліктерге де шектеу) шақырымы, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті жолының 200-240 (Ақмола обл.шекарасы-Шидерті) шақырымы жабық.

«Республикалық маңызы бар автожолдардағы қар тазарту жұмыстарына 690 техника жұмылдырылған. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады», - деп атап өтеді министрліктен.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Көлік, Ауа райы,
Жоғары қарай