Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейеді

2019 жылдың 28 қазан 2019 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 29 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

29 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Өңірле оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, тіпті үдеп 25 метрге дейін жетеді.

Сол күні Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында 29 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сол күні Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай