Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 16:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың 25 қаңтарында Түркістан облысының кей жерлерінде күннің екінші жартысында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Шымкент қаласында 25 қаңтарда күннің екінші жартысында жауын-шашын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан қаласында 25 қаңтарда тәуліктің белгілі бір аралығында көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%.

25 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетсе, екпіні 23 м/с болады.

Орал қаласында 25 қаңтарда тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

25 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетауда 25 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай