Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 16:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан және шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Түнде солтүстік және таулы аудандарда үсік жүреді.

Осы күні Шымкент және Түркістан қалаларында түннің бірінші жартысында найзағай жарқылдауы ықтимал. Батыстан және шығыстан өкпек жел соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

25 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні түнде 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.

25 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында тұман түсіп, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай