Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Еліміздегі үздік киім дизайнерлері марапатталды

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 10:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлері ұлттық байқауының лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау қорытындысы бойынша, «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны» аталымында Эльмира Битуреева (Алматы), «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны» аталымында Айнагүл Мазинова (Ақтөбе облысы), «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны» аталымында Евгения Жандарбаева (Нұр-Сұлтан) жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Мұнымен қоса, «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» аталымында Сәкен Қаржаубаев (Жаңаөзен), «Спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны» алатымында Айбибі Абуова (Нұр-Сұлтан) жеңімпаз атанды.

Байқау мақсаты - киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру.

Осы орайда лауреаттарды анықтау мақсатында ҰКП 11 адамнан тұратын Комиссия құрамы бекітілді.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша Комиссия байқаудың 12 үміткерін, яғни әр аталымда екі үміткерден анықтайды. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. 2 кезеңде 12 үміткер www.altynoimaq.kz сайты арқылы қоғамдық дауыс беруге шығарылады. Қоғамдық дауыс беру ең кемі он күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Дауыс беру нәтижесінде ең көп балл жинаған байқаудың алты лауреаты анықталады.

3-кезеңде алты лауреат ішінде Комиссия бір гран-при иегерін анықтайды. «ALTYN OIMAQ» гран-приі марапаттау белгісі және дипломды қамтиды.




Айта кетейік, «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы туралы ереже «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 06 наурыздағы №49 бұйрығымен бекітілген. Байқау лауреаты атағын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы байқау қорытындысы бойынша тағайындайды.

Жоғары қарай