Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Еліміздегі энергия көздері қоймаларында қанша көмір жиналды

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 12:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 4 млн тонна көмірді құрады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов осылай мілім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қыркүйектегі жағдай бойынша энергия көздері қоймаларында көмір қоры 4 млн тонна көмірді құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 15 пайызға артық. Бұдан бөлек, 101,9 мың тонна мазут жинақталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23 пайызға артық»,- деді ол.

Сонымен қатар М. Досмұхамбетов бүгінде энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы жалпы берешегі 6,6 млрд теңгеге жеткенін атып өтті. Сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС алдында жалпы сомасы 239 млн теңге көмірге берешек бар, оның ішінде «Көкшетау Жылу» МКК 46 млн теңге, «Севказэнерго» АҚ Петропавл ЖЭО 64 млн теңге, «Степногор ЖЭО» ЖШС 39 млн теңге, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ 90 млн теңге мөлшерінде.

«Аталған облыстардың әкімдіктері берешекті өтеу жөнінде шаралар қабылдауы қажет», - деді ол.

Белгілі болғандай, Энергетика министрігі қосылған құн салығы есебімен бағасы 100 мың теңге 277 мың тонна көлемінде «әлеуметтік» мазутты жеткізу бойынша кестені бекітіп, аймақтарға жолданды.


Жоғары қарай