Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Елімізде тұңғыш рет «Бочча» паралимпиадалық спорттан чемпионат өтуде

2019 жылдың 6 сәуір 2019 12:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған чемпионатта 80 параспортшы бақ сынауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәдениент және спорт басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жарысқа 6 жастан 50 жас аралығындағы параспортшылар қатысуда.

«Бүгінде елімізде паралимпиадалық спорт түрі жақсы қарқынмен дамуда. Бұл тұрғыда Үкімет пен министрлік тарапынан тиісті шаралар қабылданып, қолдау көрсетілуде. Соның бірі бүгін Қазақстанның параспорт тарихында алғаш рет «Бочча» спорт түрінен қалалық чемпионат өтуде. Бұған барлық саны 80 адам қатысып жатыр, оның 20 ересек адам, қалғаны балалар. Біз бұл жарысқа дайындықты өткен жылдан бастап жүргіздік», - деді «Бочча» паралимпиадалық спорт федерациясының президенті Сұлтанбек Орынбасаров.

Оның айтуынша, құрылғанына енді бір жыл болатын спорт федерациясының спортшылары алдағы уақытта аталған спорт түрінен халықаралық жарыстарға қатысу жоспарда бар, бұл мақсатта дайындық жұмыстары да жүріп жатыр.



null

«Бочча» параспорт түрінің басқадан ерекшелігі, бұл қоларбада отыратын жандарға арналған. Өздеріңіз білетіндей қоларбада таңылған жандардың қимыл қозғалысы аз, ал бочча белсенді дене қозғалысына арналған. Яғни, олар жарысып қана қоймай, дене жаттығуларын жасайды. Чемпионат екі кезеңнен тұрады жеке және топтық», - дейді ол.

Қаладағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында өтіп жатқан сайыс жеңімпаздары арнайы кубок және медальдармен марапатталатын болады.



null

Айта кетейік, бочча - дәлділікке, боулинг, петанка және боулз ойындар отбасына жататын доппен ойналатын ойын. Бұл спорт түрі алғаш рет 1984 жылы VII паралимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Бочча орталық жүйке жүйесі зақымдалудың ауыр түрлері кездесетін және омыртқа жарақатын алған ойыншылар арасында кеңінен таралған, ол денеге, ағзаға, көңіл күйге және сана-сезімге оң әсерін тигізеді.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай