Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Елімізде терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар айқындалды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 11:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2021-2022 жылдары Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың біздің елді бағалауының екінші раундына дайындалуға байланысты туындап отыр», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Заң жобасының мақсаттарына тоқталсақ, біріншіден, халықаралық стандарттарды енгізу және қаржы мониторингі саласында ұлттық жүйені одан әрі жетілдіру ескерілген.

«Осыған байланысты клиентті тиісінше тексеру, ішкі бақылау жүргізу және күмәнді операция туралы хабарлама жіберу сияқты қаржы мониторингі рәсімдеріне өзгерістер ұсынылады. Қаржы мониторингі саласындағы уәкілетті органға реттеуші мемлекеттік органы жоқ қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруға құзырет беріледі. Бланкеттік нормаларды жою мақсатында қаржы мониторингі субъектілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамы қайта қаралды, тәуекелдерді талдау негізінде санкциялар азайтылды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдар үшін халықаралық өзара іс-қимыл рәсімдері, оның ішінде қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару бойынша рәсімдер регламенттелген.

«Халықаралық стандарттарды іске асыру мақсатында заң жобасына коммерциялық емес секторды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғауға байланысты новеллалар енгізілді. Талаптар ерікті қаржылық және басқа да қайырымдылықтар үшін жүгінетін қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерге қолданылатын болады. Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелерінің маңыздылығын ескере отырып, Ведомствоаралық кеңес құру ұсынылады. Онда ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін азайтуға бағытталған шаралар әзірленетін болады және шараларды іске асыру нәтижелері қаралатын болады»,- деді Әлихан Смайылов.

Жоғары қарай