Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елімізде сот істерін қараудың ақылға қонымды мерзімдері белгіленді

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 17:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда сот істерді қараудың ақылға қонымды мерзімдері белгіленіп отыр. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты Мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кодекс жобасында істерді қараудың ақылға қонымды мерзімдері белгіленуде. Істерді қараудың мерзімі іс күрделілігіне байланысты және 6 айдан аспайтын уақытпен шектеледі», - А. Қыдырбаева Парламент Мәжілісінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының таныстырылымында.

Оның сөзіне қарағанда, әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімдерінің институты Ресейде, Германияда, Латвияда және Еуропаның басқа да елдерінде кеңінен сәтті қолданылуда.

«Ақылған қонымды мерзімдер ұлттық заңнамада да көзделген. Мәселен, қылмыстық процесте, Қазақстан ратификациялған халықаралық актілерде ережелер бар», - деді Айгүл Қыдырбаева.


Жоғары қарай