Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Елімізде параның мөлшері өсті - Атамекен ҰКП

2020 жылдың 27 ақпан 2020 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпкерлер саны азайғанмен, параның мөлшері өскен. Бұл туралы елордада өткен республикалық кәсіпкерлер форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2019 жылы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін нақты әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Зерттеу қорытындысы бойынша параның орташа мөлшері, сыбайлас жемқорлық мөлшері ең жоғары аймақтар, параны көп алатын мемлекеттік органдар анықталды», - дейді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ербол Үстеміров.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен қатысы бар кәсіпкерлер саны төмендеген.

«Сыбайлас жемқорлықпен қатысы бар кәсіпкерлер саны төмендегенмен, жалпы параның орташа мөлшері өскен. 2018 жылы параның орташа мөлшері 193 мың теңге болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 205 мың теңгеге өскен», - дейді ол.

Сондай-ақ, Ербол Үстеміров 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық ең көп аймақтарды атады.

«Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облысы, Қызылорда оьлыстарында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары болса, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен» - деп атап өтті Ербол Үстеміров.


Жоғары қарай