Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Елімізде коронавирустан тағы 1 адам жазылды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 19:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 1 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«10 сәуір сағат 19:35-тегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 64-ке жетті: Нұр-Сұлтан қаласында – 31, Алматы қаласында – 28, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 1 және Павлодар облысында – 1 адам», - делінген ақпаратта.

10 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус індеті барлығы 802 адамда анықталды, оның ішінде елордада - 226.



Жоғары қарай