Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53

Елімізде қазақтың ақбас сиырының саны қанша

2018 жылдың 17 сәуір 2018 16:39 1575

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде елімізде қазақтың ақбас сиырының дамуы мен асыл тұқымды көрсеткіштері төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Бұл туралы Мәжілісте қазақтың ақбас тұқымды ірі қара мал басының санын арттыру мәселесіне арналған отырыста депутат Жексенбай Дүйсебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл он екі ай жайылымда бағылып, өнім беру қабілетін жоғалтпау, жем-шөпті талғамау, суық пен ыстыққа деген жоғары төзімділігін сақтау, ауруларға иммунитетін жоғалпау сияқты қазақтың ақбас тұқымының өзіндік ерекшеліктері баршылық. Ал күтіп ұстау жағдайларына талғампаз болып келетін импорттық тұқымдарға қарағанда, жергілікті табиғи-экономикалық жағдайға анағұрлым бейімді екені баршамызға белгілі. Дегенмен де осы қасиеттеріне қарамастан, қазақтың ақбас сиыры өзінің дамуын және асыл тұқымды көрсеткіштерін төмендету үстінде. Тұтастай алғанда, ақбас тұқымды тиімді пайдаланып, осы арқылы өзіндік құны арзан, сапасы жоғары табиғи таза ет өнімін өндіріп, болашақта Қазақстанның брендіне айналдыру басты бағыттардың бірі», - деп тоқталды депутат.

Осы орайда ол қазақтың ақбас тұқымын дамытудың ең басты жолдарына тоқтала келе, бұл тұрғыда селекциялық тұқымдық жұмыс, жем-шөп өндірісі, аграрлық ғылым мен білімді дамыту, сондай-ақ ветеринарияға назар аудару қажеттігін жеткізді.

Жексенбай Дүйсебаевтың сөзіне қарағанда, 1970-ші жылдардың ортасынан 1991 жыл аралығында ақбас тұқымының саны Қазақстан бойынша 1 миллион 370 мың басқа дейін артты.

«Өкінішке қарай, қазіргі кезде 271 мың бас қазақтың ақбас тұқымына жататын мал қалды. Бұл өз кезегінде осындай бағалы тұқымды өсіруге айрықша назар аудару қажеттігін білдіріп отыр»,-деді депутат.

Фото: selo-exp.com

 

 

 

Жоғары қарай