Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Елімізде І тоқсанда алтын өндірісі 7,3% өсті

2019 жылдың 22 сәуір 2019 23:10 847

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 22 738 кг-ды құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 230 237 кг-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% аз көрсеткіш.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7%   төмендеп, 395 864 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 16,8 пайызға азайып, 32 408 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 2,9 пайызға кеміп, 80 191 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 10,1 пайызға өсіп, 114 125 тоннаға жетті.

 

 

Жоғары қарай