Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Елімізде ең көп сатылатын 10 көліктің тоғызы Қазақстанда өндіріледі

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 18:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығы елімізде тамыз айында қанша көлік сатылғаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандық диллерлер тамыз айында 5 781 жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техниканы, сондай-ақ 607 жүк көлігі мен арнайы техниканы, автобустарды сатқан. Қазақстандықтар тамызда көлік сатып алу үшін 60 млрд теңге жұмсаған.

«Тамыз айында көшбасшылар тізімін Lada – 1 377 автомобиль бастады (өткен айға қарағанда -3%). Екінші орын Hyundai маркасында болса (1 269 бірлік; -8%), үшінші орын Toyota (1 254 авто (-12%)) маркасында. Қостанай өндірісінің Ravon автомобильдері төртінші (323 бірлік; -1%) орынға тұрақтап, нығаюын жалғастыруда. Бірден үш бренд Renault (238 бірлік; -2%), Nissan (191 бірлік; -1%) және Volkswagen (176 бірлік; +87%) Kia (162) маркасын төменге орындарға ысырып жіберді. Үздік ондыққа Lexus премиум сегменті (139 бірлік) және Skoda автокөліктері (93 бірлік; -45%) түйіндеді», - деп хабарлайды қауымдастықтан.

Модельдерді есепке алғанда бірінші орынды Toyota Camry 70 ұстап тұр. Өткен айда аталмыш маркамен 578 көлік сатылған. Екінші орын Lada Granta – 453 авто. Одан кейінгі орындарды Lada Vesta (381), Hyundai Tucson (373), Ravon Nexia R3 (317 бірлік), Hyundai Creta (299 бірлік), Hyundai Elantra (264 бірлік), Lada 4x4 (252 бірлік), Hyundai Accent (243 бірлік) және Lada Largus (211 бірлік) жалғастырып кете береді.

Қазақстанда ең көп сатылатын 10 көліктің тоғызы отандық кәсіпорындарда өндіріледі.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Көлік, Қоғам, Өнеркәсіп,
Жоғары қарай