Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Елімізде 1,4 млн адамның мойнында салық берешегі бар

2019 жылдың 13 тамыз 2019 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның қарапайым азаматтары салық органдарына 14 млрд теңге берешек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуына қарағанда, бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енген

«Бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы туралы құжат күшіне енді. Яғни, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеу арқылы, өсімпұлдардан құтыла алады. Рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады», - деген комитет төрағасы елімізде 1,4 млн. адамның салық берешегі бар екенін жеткізді.

«Жаңағы 1,4 млн адамның негізгі берешегі 14 млрд теңгеден асады. Ал өсімпұл көлемі - 6,5 млрд теңге. Рақымшылық арқылы осы 6,5 млрд теңге өсімпұлды кешіру көзделген. Заңды тұлғаларға келер болсақ, шағын және орта бизнестің 90 мыңнан астам нысанында салық берешегі болған. Қазір соның 46 пайызы негізгі берешегін өтеді. 18 мың нысанның салық берешегін қайтаруы екіталай. Көбі банкротқа ұшыраған немесе қиын жағдайға тап болған», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Жоғары қарай