Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елдос Сметов: Жарақатым толық жазылған жоқ

2019 жылдың 7 сәуір 2019 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақ балуаны Елдос Сметов топ жарған болатын. Елдос жарақатынан толық айықпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Гран-при сыны жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастырылу жағынан кемшілік жоқ, спортшылардың деңгейі жоғары. Барлық жекпе-жек кезінде жанкүйерлердің, халқымның қолдауын сезіндім. Жақында жарақат алғанымды білесіздер. Иығымды ауыртып алған соң, Екатеринбургтегі Grand Slam додасынан бас тартқан едім. Араға аз уақыт салып, Анталиядағы сында топ жардым. Дәрігерлер денсаулығымды бақылап отыр. Жарақатымнан жүз пайыз айығып кеттім деп айта алмаймын. Иығым әлі де болса ауырады. Одан бөлек, белдесу кезінде қарсыласым тіземнен теуіп, тағы да ауырсынып қалдым», - деді Елдос Сметов.

Дегенмен, бұл спорт. Спортта мұндай кішігірім жарақат көп кездеседі. Ең бастысы - әрі қарай ушықтырып алмау керек.

«Токио Олимпиадасына іріктеу сынында жоғары ұпай жинап, төртжылдық додасына жолдама алуды басты мақсат тұттым. Бұйырса, сол ойымызды жүзеге асыруға тырысамыз», - дейді спортшы.

60 келідегі Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов әлемдік рейтингте 6-шы орында тұр.

Еске сала кетсек, Жакартада өткен Азия ойындарында Елдос Сметовты жарақат алып қалған еді. Сосын қазан айында татамиге қайта оралды.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай