Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Елдос Сметов пен Зульфия Ғабидуллина пәтер кілтін алды

2017 жылдың 1 маусым 2017 20:06 1474

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Тараз  қаласының әкімі Рүстем Дәулетов  паралимпиадалық чемпион Зульфия Ғабидуллинаға және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке салтанатты жағдайда пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 

null

«Еліміздің «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етті, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде. - Осы мақсатқа республикалық бюджеттен екі пәтер сатып алуға 19,8 млн теңге қаражат бөлінді».



null

Таяуда салынған үш қабатты тұрғын үй облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Мұнда компания шағынаудан салады, онда «жасыл аймақ», сауда орталығы, балалар алаңдары, спорт құрылыстары болады.



null

«Зульфия Ғабидуллина алаңы  81,8 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер, Елдос Сметов - алаңы 61,9 шаршы метр 2-бөлмелі пәтер алды», - деді  Тараз қаласының  әкімі Рүстем Дәулетов.



null

«Спортшыларға осындай құрмет көрсеткені, қамқорлық жасағандары үшін өзімді бақытты санаймын!   - деді Зульфия Ғабидуллина. Бүгін керемет мереке   - Балаларды қорғау күні - бізге ерекше сыйлық табыс етілді. Үлкен рахмет!».



null

Еске салсақ, паралимпиада  чемпионы Зульфия Ғабидуллина - жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері,   ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 12 дүркін рекордшысы. 



null

null

  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері  қазақстандық  дзюдошы Елдос Сметов те халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  



null

null

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай