Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Елдос Сметов Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:40 1639

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Елдос Сметов Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 60 кг салмақта финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевпен белдесті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметовтің жас қарсыласына қарағанда, тәжірибесі мол еді. Белдесу барысында оңтайлы әдіс  қолданған Е.Сметов вазари ұпайын алып үлгерді. Содан кейін көп ұзамай таза жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың Гран-при турниріне қатысатынын, Отгонцэцэг Галбадрахтың финалға жолдама алып, күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Түркия,
Жоғары қарай