Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Елбасының арманы ақиқатқа айналды - «Ақпараттық ресурс орталығы» ҚҚ директоры

2019 жылдың 20 наурыз 2019 16:40 328

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы «Ақпараттық ресурс орталығы» Қоғамдық қорының директоры, қалалық кеңестің мүшесі Алтынай Көбеева Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ол Елбасы Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына үлесі туралы айтты.

«Тәуелсіздік жылдары - экономика, әлеуметтік, рухани мәдени салада үлкен серпіліс болған жылдар. Оны кез-келген қазақстандық азамат жүрегімен сезінді. Бұл реформалар халықтың әл-ауқатына да ықпал етті. Осы өзгерістердің символы тұңғыш Президент екені рас. Нұрсұлтан Назарбаев туған елін 30 жыл бойы кемеңгерлікпен, даналықпен, халықаралық тәжірибені ескере отырып басқарды», - деді Алтынай Көбеева.
Алтынай Көбеева оның азаматтық қоғамды қалыптастыруға қосқан үлесі ұшан теңіз екенін айтты.

«Елбасының еңбегінің арқасында азаматтық институттар қарыштап дамыды. Қазіргі Қазақстанның дамуындағы әр адамның үлесінің артуы елдің әлеуметтік экономикалық дамуына әкелді. Енді бұл дамуды ешбір күш тоқтата алмайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлемдегі 30 үздік елдің қатарына іліну туралы арманы ақиқатқа айналды десек те болады», - деді ол.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария еткен еді.

Жоғары қарай