Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 319.88
EUR 394.41
RUB 5.65
CNY 50.42

Елбасы Жолдауын бір күнде 7300 қазақстандық талқылады

2018 жылдың 16 қаңтар 2018 09:39 1164

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау бойынша Бірыңғай республикалық күн өткізді.  Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық табыстың негізінде - азаматтық татулық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім жатыр, олар басты құндылығымыз болып қала береді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы институты орнықты ұлтаралық татулықты сақтау және нығайту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыруы қажет. 

Сондықтан да бүкіл ел бойынша Достық үйлерінің базасында Ассамблея кеңестері, ғылыми-сарапшылық топтар, Қоғамдық келісім, ақсақалдар, аналар кеңестері, ҚХА жастар қанаттарының отырыстары, конференциялар, дөңгелек үстелдер, сарапшылармен кездесулер және т.б. форматтарда іс-шаралар болып өтті.   Бұл іс-шаралар тек облыс орталықтарында және ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтарында, кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарында да өтті. 

Мәселен, Алматы қаласындағы Достық үйінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  Абилфас Хамедовтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.   Дөңгелек үстелдің жұмысына республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, шығармашыл зиялы қауым өкілдері мен мәдени орталықтардың жастары қатысты. 


Ел Президентінің Жолдауын талқылауға Қазақстан күрдтерінің  «Барбанг» қауымдастығының төрағасы К.И. Мирзоев, Алматы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары К.В. Мамсуров, Алматы корейлері ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Г.В.Кан, қазақстандық орыстардың мәдени орталығының төрағасы В.А.Лукашев, Алматы қалалық ҚХА ҒСТ   төрағасының орынбасары С.В.Ананьева, Алматы қалалық «Ахыска»  түрік орталығы төрағасының орынбасары К.Т.Касимов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ш.Н.Умаров, «Ахыска»  түрік орталығы төрағасының орынбасары Ш.А.Асиев, Алматы қалалық ҚХА жанындағы Журналистер клубының төрағасы О.С. Клименко қатысты.

Талқылауға қатысқандар мен сөз сөйлегендер Жолдауда  Қазақстан халқының алдына қойылған міндеттер - әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, экономикалық өсудің жаңа моделін құру, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ету  екенін атап көрсетті. 

Осы уақытта Ақтөбе қаласында,Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  Сергей Вишняктің және  Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, ғылыми-сараптамалық топ, қоғамдық келісім, аналар кеңесі, 19 этномәдени бірлестік өкілдерінің, БАҚ-тың қатысуымен облыстық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


«Бұл -  орнықтылыққа бағытталған бағыт-бағдарымыз өзгермейді, ол мүмкіндіктермен, мақсаттарға қол жеткізу құралдарымен толықтырыла түскен,  ол осы мақсаттарды шешудің, оларға қол жеткізудің, осы шешімдердің атқарылуына бақылау жасау жолдарын, әр қадамды көрсетеді. Және жүйе де осыған байланысты тұжырымдалады», - деп атап өтті Сергей Вишняк.

Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және басқа да облыстарда іс-шаралар облыс әкімі орынбасарының, облыстық ҚХА мүшелерінің,  ғылыми-сарапшылық топтардың,  Қоғамдық келісім, ақсақалдар, аналар кеңестерінің, Журналистер клубы мүшелерінің, ЭМБ төрағаларының қатысуымен өткізілді. Оларда аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу сынды халықтың өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды. ҚХА үшін ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде құрылған Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті міндеттерді шешуде жаңа мүмкіндіктерге ие болатындығы маңызды.

Бірнеше облыста (Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және т.б.) өңірде іссапармен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің Ассамблеядан сайланған депутаттарының (С.Абдрахманов, Н.Жұмаділдаева, А.Мурадов, Ш.Нурумов және т.б.) қатысуымен және қалалар мен аудандардың онлайн қосылуымен селекторлық жиындар өткізілді.  Олар Жолдаудың түйінді мәселелеріне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, тұрғын үй құрылысы, банк саласы, білім беру мен әлеуметтік салаға заманауи технологияларды белсенді енгізу мәселелерінің маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ бірыңғай электронды еңбек биржасын енгізудің мәнділігін, онда бос орындар мен жұмыс іздеп жүрген тұлғалар туралы барлық ақпарат шоғырландырылуы тиіс екендігін, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асырудың қоғамға қажеттілігін сөз етіп, әлеуметтік даму мәселелеріне назар аударылды.

Елорданың жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарында көптеген кездесулер мен отырыстар өтті. 

Оқушылар мен студенттер үшін Жолдаудағы адам әлеуетін дамытуға қатысты бағытты талқылау маңызды болды. Бүгінгі таңда білім беру белгілі бір нәтижелер мен нақты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті, мақсатты мемлекетті құрудың іргетасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - бұл экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды жобасы. Сондықтан студенттер Елбасы алға қойған жаңа ауқымды міндеттер елімізде дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратын жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын сеніммен мәлімдеді.

Бірыңғай күн шеңберінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 147 іс-шарасына 7300-ден астам адам қатысты.

 

 

Жоғары қарай