Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 371.86
EUR 433.33
RUB 5.46
CNY 54.13

Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді

2018 жылдың 13 маусым 2018 18:31 5271

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

***

«Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жоғары қарай