Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Елбасы Парламент Сенатындағы салтанатты шараға қатысуда

2019 жылдың 6 маусым 2019 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатына Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, бүгін Н. Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталады.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айының соңында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілген болатын.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін мойындай отырып, ҚР Парламенті Сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді қабылдады.

Жоғары қарай