Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Елбасы Парламент Сенаты жұмысына баға берді

2019 жылдың 6 маусым 2019 11:55 1280

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенаты өз жұмыстарына зор жауапкершілікпен қарайтындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен 30 жылдың ішінде көпшіліктеріңізбен бірге келе жатырмыз. Қуанышты да, қиыншылықты да бірге өткізіп, халықпен бірге қызмет істеп, еңбектеріңізді сіңіріп келесіздер. Мен арнайы қос палаталы Парламент құрып, заңды сүзбеден өткізіп, өңірлердің түйінді мәселелерін ескеру үшін осындай қадамдарға бардым. Маған «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешім қабылдағандарыңыз үшін үлкен ризашылығымды білдіремін», - деді Елбасы Парламент Сенатында өткен салтанатты шарада.

Осы орайда, Н. Назарбаев Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Парламенті жұмысына өз бағасын берді.

«Тәуелсіздік жылдары көптеген оқиғалар болды, көп жұмыс атқарылды. Парламент көптеген заңдарды қабылдады, олардың ішінде келіспеген заңдарда да болды. Дегенмен де Сенат өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, оның барлығын орнына келтірді», - деді Тұңғыш Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай,  бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін мойындай отырып, ҚР Парламенті Сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді қабылдады. 

 

Жоғары қарай