Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

Елбасы Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 19:32 1196

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Бұған дейін Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы маңында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Өзбекстан ТЖМ марқұмдардың 52-сі өзбекстандық екенін растады.

 

Жоғары қарай