Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Елбасы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы матчқа барды

2019 жылдың 24 қазан 2019 22:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын алдында Елбасы әлемдік теннистің майталмандары Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

«Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.




Кездесу барысында Елбасы теннисшілерге зор денсаулық тілеп, Рафаэль Надальды жақында шаңырақ көтеруімен құттықтады.

Қайырымдылық матч нәтижесінде жиналған қаражат өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Еске салсақ, Елбасының танымал теннисшілер Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездескені туралы хабарлаған болатынбыз.







Жоғары қарай