Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Елбасы Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» ұлттық павильонына барды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 22:15

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі қалпына келтірілген «Қазақстан» ұлттық павильонын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Павильонға кіре берісте келген қонақтарға арнайы «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры мен балет труппасының орындауында «Ел Салтанаты» вокалды-хореографиялық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, павильон қонақтары табиғи және экологиялық таза өнімдер мен ұлттық тағамдар ұсынылған қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің көрме-жәрмеңкесін қарап шықты.

Бірегей көрме кешенінің экспозициясымен танысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин павильонның «Құрметті қонақтар кітабына» жазба қалдырды.

Бұдан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Президенті Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына арналған ҚР Ұлттық музейінің көрмесін тамашалады. Көрмеге б.э. дейінгі VIII – VI ғасырларға жататын 30-дан астам бірегей экспозия қойылған.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі Елбасының «Қазақстан» ұлттық павильонын аралау барысында Владимир Путин мен Дмитрий Медведевке әйгілі апорт алмасын сыйлағаны жайлы да Instagram-да бөлісті.

Еске сала кетсек, Елбасы Ресейге жұмыс сапары барысында Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильонының ашылу рәсіміне қатысты және Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігінде болды.



Жоғары қарай