Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Elbasy.kz сайтының қолданушылары қандай браузер пайдаланады

2019 жылдың 9 тамыз 2019 18:48 86

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Elbasy.kz сайтына кірушілерге қатысты қызықты статистика келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«http://Elbasy.kz сайтын қолданушылардың 42,14% Windows операциялық жүйесін, 26,79% - Android, 10,10% – iOS пайдаланады. Браузерлер арасында Chrome – 51,39%; Firefox – 7,86%, Opera – 1,77% қолданады», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, ол сайт қолданушыларының географиясын да келтіріп өтті.

«Ресми сайт қолданушыларының географиясы: 64,77% – Азия елдері (60% – Қазақстан), 18,95% – Еуропа, 15,4% – Солтүстік Америка елдері», - деп атап өтті Елбасының баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Elbasy.kz сайты биыл 3 шілдеде іске қосылды.

Жоғары қарай