Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

2019 жылдың 18 сәуір 2019 19:51 779

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді.

Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздің Қарулы Күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, Н.Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан «Айбалта-2019» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.   

 

 

 

Жоғары қарай