Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікір білдірді

2019 жылдың 23 сәуір 2019 11:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікір білдірді. Елбасы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктерімен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіруге атсалысты», - деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы Қ.Тоқаевтың тікелей қатысуымен 90-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында бірқатар маңызды реформа жүргізіліп, ел экономикасын өркендетуге жол ашылғандығын айтты.

«Сол жылдары ол менің Ұлттық қор құру туралы идеямды толық қолдап, оның құрылуына атсалысты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, даму институттары осы кезде пайда болды. Әлеуметтік жаңғыру жолында алғашқы қадамдар жасалды. Жаңа зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қосты. Осы жылдар ішінде ол маған сенімді серік болып, елімізді одан ары өркендетуге қатысты ұстанымымды қолдап келеді. Ол менен бір мүшел жас кіші, осы күні ел басқарып отырған төңіректегі көршілеріміздің құрдасы және замандасы болып саналады. Жұмыс істеуіне ыңғайлы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жоғары қарай