Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Елбасы Испанияның бұрынғы Королімен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 24 қазан 2019 23:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы Королі Хуан Карлос I-мен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Теннис матчының алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы Королі Хуан Карлос I-дің жылы лебізін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғыс айтып, өзінің досына сәлем айта баруын өтінді.

«Осы кезде Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы Короліне телефон шалып, тұтқаны Қазақстанның Тұңғыш Президентіне берді. Осылайша, қайырымдылық теннис матчының алдында Елбасы мен Хуан Карлос I екеуі телефон арқылы қысқа ғана әңгімелесті», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды .

Жоғары қарай