Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Елбасы: Халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жұмысымды жалғастырамын

2019 жылдың 23 сәуір 2019 12:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Президенттің еңбегін қолдау мен оның табысқа жетуі үшін қызмет етемін. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, заманауи Қазақстанның басшылығында болған адам ретінде мені еліміздің болашағы, біздің бастамалардың табыстылығы, азаматтарымыздың әл-ауқаты алаңдататыны анық. Өзімнің күш-жігеріме қарай және маған Конституциямен, заңдармен бекітілген өкілеттіктеріме сәйкес халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жұмысымды жалғастырамын. Сонымен қатар, жаңа Президенттің жұмыстарына қолдау мен оның табысқа жетуі үшін қызмет етемін», - деді Елбасы Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Елбасы өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері екенін атап өтті.

Жоғары қарай