Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Елбасы халық алдындағы миссиясын абыроймен аяқтады - өнер ұжымы

2019 жылдың 20 наурыз 2019 06:41 411

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы ҚР Тұңғыш президентінің үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасымыздың өз қызметін тоқтату туралы шешімі күтпеген жағдай болды.

28 жыл Тәуелсіз елімізді басқарып келген көреген Елбасымыз тұрақтылық пен келісімді серік қылған жас мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті ретінде өзіне жүктелген міңдетті абыроймен орындап, Қазақстанды әлем мойындаған елге айналдырды. Ендігі жерде ұстанған бағытымыз, қойған мақсаттарымыз айқын»,- дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.

Ол сондай-ақ соңғы жылдары басқару ісінде жастардың көптеп бой көрсетуі, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық тарихымыз бен рухани құндылықтарымызға баса назар аударуы кемеңгер басшы Нұрсұлтан Әбішұлының ел тізгінін жастарға ұсынып, бет алар бағытты да көрсетіп беріп отырғанын осы шешімінен кейін аңғарғандаймыз деді.

«Менің жастығыма қарамай еліміздегі маңдайалды оқу орны - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына басшы етіп тағайындауы жастардан мол үміт күтетінін және үлкен сенім артатынын білдіріп отыр. Мен де аға буынның артқан сенімін ақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етеміз», - Арман Жүдебаев

 

 

Жоғары қарай