Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елбасы: ЕО мен ЕАЭО – бір-бірін толықтыратын өзара байланысты ұйымдар

2019 жылдың 12 қараша 2019 12:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық одақ пен Еуразия экономикалық одағы әріптестігінің диалогтық механизмін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлі күнге дейін Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында толыққанды диалог орнамаған. Бұл екі бірлестік географиялық және тарихи тұрғыда байланысты және бір-бірін өзара толықтырады. Қазіргі саяси түсініспеушіліктер бізді ажыратпауы тиіс. Бүгінде ЕО мен Ресей арасындағы қарама-қайшылықтарға нүкте қою қажеттігі туралы көп естиміз. Барлығы бұл наразылықтың мемлекеттер экономикасына қандай шығын әкеліп жатқанын түсініп келеді», - деді Елбасы «Astana Club» пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, бұл қайшылықтар еш мемлекетке пайда әкелмейді.

«Сондықтан, ЕО мен ЕАЭО арасындағы әріптестіктің диалогтық механизмін енгізуді ұсынамын. Оның аясында жыл сайын Еуропалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары арасында саммиттер қарастырылуы тиіс. Мен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде бұл процеске жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын. Экономикалық кооперация процестің барлық қатысушыларына пайда әкеледі деп сенемін», - деді Н. Назарбаев.

Жоғары қарай