Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

«EL jastar» эксперименталды-лабораториялық театры алғашқы қойылымын сахналады

2019 жылдың 21 ақпан 2019 12:58 669

  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «EL jastar» театры алғашқы қойылымын сахналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Өңірлік жобалық кеңсесінің қолдауымен Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында сахналанған «Армандар кемесі» қойылымы башқұрттың танымал жас жазушысы Айгиз Баймухаметовтің «Тастамашы мені, Ана» повесі негізінде алынған.

Шығармада бүгінгі қоғамдағы балалардың әлеуметтік мәселесі қамтылған. Сан түрлі мінездер, түрлі тағдырлар өмір шындығынан батыл алынып, шығарма желісінде терең сипат алады.

null  

Театр премьерасын көпшілікпен бірге белгілі жазушы, журналист, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Башқұртстан Республикасы сыйлығының лауреаты, театр қойылымына негіз болған «Тастамашы мені, Ана» повесінің авторы Айгиз Баймухаметов, Қазақстанның халық әртісі, кинорежиссер Талғат Теменов, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев және Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева тамашалады.

null

Айта кетейік, «EL jastar» эксперименталды-лабораториялық театры Жастар жылы аясында және Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алдаспан-Рух» қоғамдық бірлестігі жанынан ашылған болатын. Жастар театрын ұйымдастыру ісін Көкшетау жұртшылығына есімі белгілі режиссер Фархатбек Канафин мен жас театртанушы, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Хәкім Хасамбай қолға алған.

 

 

Жоғары қарай