Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

ЭКСПО аймағы қалай өзгерді

2019 жылдың 19 наурыз 2019 18:51 1026

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің өткеніне де биыл екі жыл толады. Былтыр Мемлекет басшысы ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасын мақұлдаған болатын. Оған сәйкес, 2024 жылға дейін көрме аймағы Астананың жаңа іскерлік орталығына айналуы шарт. Қазірдің өзінде ол жерде халықаралық дәрежесі бар бірнеше нысан ашылып отыр. ҚазАқпарат тілшісі арнайы пресс-тур аясында іскерлік орталықты аралап, жаңа нысандардың жұмысымен танысып қайтты.

Өткен жылы ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іскерлік орталық аймағында «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі ашылған болатын. Ол жерге шетелдік компанияларды тарту үшін визалық және салықтық жеңілдіктер берілді. Технопарктің кіреберісінен бастап технологиялық жаңалықтар көзге түседі. Мәселен, осы жерде істейтін қызметкерлер турникеттен өту үшін арнайы картаны пайдаланбайды. Адамның бет-әлпетін танитын электронды жүйе әрбір маманды бірден танып, турникетті автоматты түрде ашып отырады. Аталған жоба да технопарктің негізінде жүзеге асты. 



null 

Технопарктің PR менеджері Айгүл Шерениязованың айтуынша, бірінші қабатта сан алуан шаралар ұйымдастырылса, ең үстіңгі - төртінші қабатта нақты жобалар іске асырылады. «Мәселен, бірінші қабатта инноваторлар бір-бірімен танысады, өз жобаларын көрсетеді. Бұдан бөлек, бұл жерде сан алуан местер-кластар, семинарлар, воркшоптар ұйымдастырылады. Ақпараттық технологиялар саласындағы танымал адамдардың дәрістері де өтіп тұрады. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, жобаларды іске асыру мәселесін талқылайды. Осылайша, бірінші қабат толығымен нетворкингке арналған», - деді А.Шерниязова журналистерге берген сұхбатында.



null 

Технопаркке келетін инноваторларға жан-жақты қолдау жасалады. Оларға тегін кеңселер беріледі. Акселераторлық, я болмаса, инкубациялық бағдарламалар ұсынылады. Бұдан бөлек, технопарк мемлекеттік органдарға шығып, сан алуан әкімшілік мәселелерді шешуге көмектеседі. «Бізге келемін дейтін инноваторлар болса, алдымен өтініш беру керек. Дәл қазір акселераторлық және инкубациялық бағдарламаларға өтініш қабылдау жүріп жатыр. Сайтта барлық ақпарат бар. Арнайы комиссия жобаларды іріктейді. Біз жаңа әрі қызықты жобаларды күтеміз. Жалпы, былтырдан бері технопарк арқылы 150-ден астам жоба өтті. Соған шамамен 670 миллион теңге көлемінде венчурлық инвестициялар тартылды. Мәселен, кіреберісте адамның бет-әлпетін танитын турникет бар. Осы уақытқа дейін аталған стартапқа 135 миллион теңгедей қаржы тартылды. Соның ішінде Сингапурдың венчурлық қоры құйған ақша да бар», - дейді А.Шерниязова.



null 

Былтыр «Astana Hub»-тың ашылу салтанатында Мемлекет басшысы ЭКСПО іскерлік орталығында тағы бір маңызды жобаның қолға алынатынын мәлімдеді. Ол - IT университет. Аталған нысан С-1 деген Халықаралық павильонда орналасады. Қазір ол жерде қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Соның нәтежесінде павильонның ауданы 24 мың шаршы метрден 35 мың шаршы метрге дейін кеңейтіледі. Барлық шаралар ағымдағы жылы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деген жоспар бар.



null  

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-сы IT және жаңа теxнологиялар департаментінің бас менеджері Замир Ибраевтың айтуынша, жаңа университет ақпараттық теxнологиялар саласындағы әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен бірлесіп ашылады. Ол жерде маман даярлаудың екі бағдарламасы болады. Бірінішісі - жедел инновациялық бағдарлама, ал екіншісі - қайта даярлау бағдарламасы. IT-университет төрт мектептің негізінде жұмыс істейді. Олар - киберқауіпсіздік (cyber security), компьютерлік ғылым (computer science), индустриалдық инжиниринг және IT менеджмент.



null 

«Оқытуға шетелдік мамандар да тартылады. Әзірше, оқудың ақысы және тағы басқа мәселелер пысықталып жатыр. «Енді, ол университет мемлекеттік жоғары оқу орны болады. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі өзі анықтайды. Гранттар бөлінеді. Басқа университеттер сияқты оқытатын шығар. Бастапқыда 1 мыңға дейін адам қабылданады. Одан кейін студенттердің саны 2 500-ге дейін артады деген жоспар бар. Ғимараттың сыйымдылығы соған есептелген», - деп атап көрсетті З.Ибраев.



null 

ЭКСПО іскерлік орталығының тағы бір ауқымды жобасы ол - Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы. Аталған мекеме елімізде жасыл технологияларды дамыту шараларымен айналысады. Бүгінде ол жерде 60 адам жұмыс істейді. «Біз өзіміз сияқты шетелдік орталықтармен серіктестік байланыстарды орнатып, Қазақстанда озық тәжірибені енгізуге тырысамыз. Қазір ҚР Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша қоршаған ортаның ластану мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен,  11 ірі жылу электр стансаға талдау жасалды. Оған сәйкес, кейбір қалдықтар Еуроодақтың нормасына да сәйкес келеді. Алайда бірқатар қалдықтарды азайту қажет. Биыл қалған 77 жылу электр стансасына талдау жасап шығамыз. Соның негізінде Үкімет тиісті шешімдерді қабылдайды», - дейді орталықтың баспасөз хатшысы Марат Мұхамедсалиев.



null 

Жақында іскерлік орталық аймағында жаңа EXPO Business Centre ашылды. Оның жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды. Астында үлкен паркинг бар. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-сы коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркімбаевтың айтуынша, бизнес орталықта бір шаршы метрді жалға беру құны 7 000 теңгені құрайды. Оған танымал компаниялар келеді деген жоспар бар. «Әзірше, қандай компаниялардың келетінін айта алмаймыз. Өйткені әлі келісімшарт жасалмаған. Біраз жаңа бизнес орталықта шамамен 2 500 адам отырып, жұмыс істей алады», - дейді Д.Еркімбаев.

null 



null 

Оның сөзіне қарағанда, бұрынғы логистикалық орталықтың орнында халықаралық көрме орталығы ашылады. Аталған нысан ағымдағы жылдың аяғында пайдалануға беріледі. Оның жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады.



null 

ЭКСПО көрмесіне келген адамдар Конгресс орталықты да жақсы біледі. Осы уақытқа дейін аталған нысан көрменің ашылуы мен жабылуы өткен ғимарат ретінде ғана емес, көптеген халықаралық форумдардың алаңы ретінде де кеңінен танылып үлгерді. Өткен жылы орталықта 50-ден астам шара ұйымдастырылды. Соның ішінде Астана экономикалық форумы да бар. «Биыл 28 наурызда «Золотой грамоффон» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Оған танымал ресейлік әртістер келеді. Негізі, Конгресс орталық өз шығындарын толығымен ақтап отыр. Біз эксплуатациялық және коммуналдық шығындардың бәрін түскен ақшаның есебінен жауып тастадық», - деді Д.Еркімбаев журналистерге берген сұхбатында.



null 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы да ЭКСПО аймағына көшті. Олар ең үлкен аумақ - 74 мың шаршы метрді алып отыр.



null 

Ал «Нұр Әлем» сферасы ЭКСПО көрмесінің басты мұрасы болып қала береді. Дегенмен, ол жерге жаңа экспонаттар да қойылып тұрады. Мәселен, жақында кинетикалық шоу, ақылды куб сияқты экспонаттар құрастырылды. Бұдан бөлек, «Нұр Әлем»-де сан алуан курстар, шеберлік сағаттар, тренингтер, лекциялар, семинарлар мен өзге де шараларды өткізу үшін үлкен ыңғайлы дәріс залы ашылған. 



nullДәулет Еркімбаевтың сөзіне қарағанда, «Нұр Әлем» сферасына электр энергия көп кетеді. Сол себепті мультимедиялық фасад пен аспанға шаншылып тұратын сәулені сөндіріп, энергияны үнемдеп отырады.   «Былтыр «Нұр Әлемге» шамамен 400 мың адам келіп кетті. Биыл да аталған көрсеткіш төмен болмайды деп ойлаймыз», - дейді департамент басшысы.



null 

Департмент директоры «бұқаралық ақпарат құралдары ЭКСПО іскерлік орталығына көшеді» деген әңгімеге де түсініктеме берді. «Негізі, ол мәселе ақпарат министрлігінің құзіретіне жатады. Біз бір ғимаратты резервке қойғанбыз. Бірақ әзірше ешкім көшкен жоқ», - деп атап көрсетті Д.Еркімбаев.



null 

Айтпақшы, биыл ЭКСПО іскерлік орталығы аймағында тағы Наурыз мейрамына арналған этноауыл ашылады. Бірақ осы жолы оның орналасуы аймағы сәл ығысты. Этноауыл биік стела тұрған Бейбітшілік пен келісім аллеясының алдында орналасады.



null 

«Естеріңізде болса, ЭКСПО көрмесі кезінде солтүстік кіреберіс болды. Дәл сол жерде Наурыз мейрамына арналған негізгі шаралар өтеді. Қазір киіз үйлер тігіліп, қажетті құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Бұл республикадағы басты алаң болады. 21 наруызда ресми ашылуы өтеді. Дәстүр бойынша барлық шаралар ұйымдастырылады. Президент те келеді деген жоспар бар», - деп атап көрсетті Д.Еркімбаев.

null



null 

null 

null 

 

Жоғары қарай