Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Экология министрі: Пайдалануға жарайтын су көлемінің азаю қаупі бар

2020 жылдың 7 сәуір 2020 12:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа технологиялар егістіктерді суару кезінде 33 пайызға дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су шаруашылығы балансындағы ауыл шаруашылығының үлесі 67 пайызды құрайтындығы белгілі. Жалпы алғанда, біз судың тапшылығы бар елдердің қатарындамыз. Сонымен қоса, пайдалануға болады деген су көлемінің азаю қаупі тұр. Осы орайда суармалы жерлердің көлемін ұлғайту тек су үнемдейтін технологияларды енгізу есебінен ғана мүмкін. Нақты айтсақ, суару кезінде осыны қолдану қажет», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, нақты алқаптың өзінде су шығынын азайтуға қол жеткізу қажет.

«Тамшылатып, жаңбырлатып суару және жерді жоспарлаудың жаңа технологиялары сияқты суарудың түрлері су тұтынуды дәстүрлі суарумен салыстырғанда 33 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы, судың әлеуетті өнімділігі артады, яғни 1 шаршы метр жұмсалған суға өнімнің шығуы 2,5 есе артады. Сондай-ақ қолда бар тәуекелдер жағдайында ылғал шығыны аз және неғұрлым рентабельді болып, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды жүргізу қажет», - деді М. Мырзағалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі уақытта Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Өткен жылы сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд теше метр су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67 пайызын құрайды.

Сонымен қатар министр қай өңірлердегі егіс алқаптарында су тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты. «Биылғы вегетациялық кезеңге дайындық мәселесі де маңызды болып отыр. 2020 жылға арналған гидрологиялық болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында су аз болуы мүмкін. Осыған орай біз тиісті шаралар қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестелері қайта қаралып, әзірленді», - деді М. Мырзағалиев.


Жоғары қарай