Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Экология министрі: Қарқаралыда 500 гектар орман өртеніп жатыр

2019 жылдың 14 тамыз 2019 18:03 153

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында болып жатқан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экологиялық туризмді дамытуға арналған меморандумға қол қою шарасы барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев БАҚ өкілдеріне Қарқаралыдағы орман өрті туралы ақпарат берді.

«Өрт әлі сөндірілген жоқ. Жаңа ғана облыс әкімімен сөйлестім. Біздің осы жақтан ұшып шыққан мамандармен бірге өрт болған аумақты әуеден бақылау жүргізіп жатыр. Шамамен 500 гектар орман өртеніп жатыр. Бұл өте үлкен шығын. Біздің министрлік тарапынан да өртті ауыздықтау бойынша шара қолданылып жатыр. Қазір ол жерде 280-нен астам адам жалынмен арпалысуда», - деді министр БАҚ өкілдеріне.

Жоғары қарай