Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 21:29

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз МАЭС-2 Қазақстан Республикасының бақылауына толығымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» ресейлік «Интер РАО» энергетикалық компаниясынан «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50% акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Осылайша, маңызды электрэнергия активі Қазақстан Республикасының бақылауына толығымен өтті.

«Самұрық-Энерго» АҚ мен «Интер РАО» ЖАҚ акциялары тең негізінде иелік еткен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылды, Қазақстан тарапы үшін қоғам қызметінің басым бағыты станцияны кеңейту және қайта құру шеңберінде 636 МВт болатын үшінші энергоблокты орнату болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы келісім бойынша «Екібастұз МАЭС-2» АҚ «Екібастұз МАСЭС-2 №3 энергоблогының құрылысы» жобасын іске асыруға кірісті. 2010 жылы тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осының негізінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50 пайыз үлесін сатып алу туралы шешім қабылданды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментінің хабарлауынша, стансаны толық бақылау жән 3-ші энергоблокты сату жөніндегі жобаны іске асыру еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін болады.

Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920