Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Екі пойыздың жүру кестесіне өзгеріс енгізілді - ҚТЖ

2019 жылдың 24 сәуір 2019 10:05 940

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгеріс енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, №375/376 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Риддер» пойызының кестесі  өзгереді. 22 мамырдан бастап бұл құрам «Семей - Шар - Өскемен» (бұрын  «Семей - Локоть - Өскемен» арқылы қатынайтын) арқылы жүретін болады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жолаушылардың жол жүру уақыты 5 сағатқа қысқарады. Сондай-ақ тексеруге байланысты мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде ұзақ уақыт аялдамайтын болады. Жолдағы жалпы уақыт - 23 сағат 23 минут.

Сонымен қатар 22 мамырдан № 086  «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш» бағытындағы пойыздың кестесі өзгереді. Енді бұл құрам «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» теміржол вокзалынан қатынайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан мәлім еткендей, аталмыш өзгерістер жолаушылардан келіп түскен көптеген өтініштерден кейін енгізіліп отыр. Толық ақпаратты «105» анықтама телефонынан алуға болады.

 

 

 

Басты сөздер: ҚТЖ,
Жоғары қарай