Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Екі облыста ескерту жарияланды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыс аумағында және Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

28 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Петропавл қаласында күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны - 15-20 м/с.


Жоғары қарай