Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Екі аланын ерткен ілбіс видеоға түсіп қалды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 12:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауында аландарын ерткен ілбіс фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауға фототұзақтарды ілбісті сақтау қоры қойды. Видеоға түсіп қалған керемет кадрлармен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында бөлісті.


«Біздің камерамызға Данадан басқа, екі аланы бар тағы бір ілбіс түсіп қалды. Қазір барыстарды анықтау және оларға ат қойып төлқұжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде» - деп жазды Ержан Еркінбаев.

Естеріңізге салайық, фототұзаққа қар барыстары алғаш рет 2018 жылы түскен болатын.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экология, Алматы,
Жоғары қарай