Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Дзюдо: Қазақстан құрамасы Гран-при турнирін бір алтын, бір күміспен аяқтады

2019 жылдың 15 шілде 2019 00:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы Будапештегі дзюдодан Гран-при турнирін бір алтын, бір күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың соңғы, жексенбі күні 90 келіге дейінгі салмақта күрескен Ислам Бозбаевтың жүлде алатын мүмкіндігі болды.

Қазақстандық дзюдошы жартылай финалға дейін тамаша күресіп, Макс Стеуарт (Ұлыбритания), Тоц Апор (Венгрия), Итай Голан (Израиль) және Александар Куколжды (Сербия) жолдан тайдырды.

Жартылай финалда әлем чемпионы, испаниялық Николоз Шеразадишвилиге есе жіберді.

Қола жүлде үшін бәсекеде И.Бозбаев грузиялық Бека Гвинашвилимен татамиге шықты. Белдесу барысында грузиялық спортшы вазари ұпайымен алға шықты. Содан кейін де Ислам белсенділік таныта алмады. Ақыры үшінші ескерту алып, жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің алтын алғанын, ал Елдос Жұмақановтың күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай