Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Джулиан Ассанж журналист пе, әлде қылмыскер ме? - Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылдың 13 сәуір 2019 16:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Кибериттер бөлімі немен айналысады? - Die Zeit



null

Полиция қызметіндегі иттер жарылғыш заттар мен есірткі іздеумен айналысады. Ал жаңадан ашылған кибериттер бөлімшесі флеш-карталар, мобильді телефондар мен қатқыл дисктерді іздейді, деп жазады Die Zeit басылымы.

«Бес жыл бұрын Бразилияның қызметтік бөлімшесінде Оңтүстік Америкада бірінші болып мобильді телефондар іздейтін иттер үйретіле бастады. Бұл жоба сәтті болғандықтан, ары қарай да қолға алына бастап, иттерге мобильді телефондардан бөлек флеш карталар мен қатқыл дисктерді іздеу үйретіле бастады», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, бүгінгі таңда әлемде тек бірнеше мектеп кибериттерді дайыындаумен айналысады. Ал дайындықтан өткен иттер қылмыстық процестерге қатысты маңызды дәлелдерді іздеуге көмектеседі.

«Цифрлық құрылғылардың иісі есірткіге қарғанда әлсіз. Дегенмен, иттер мұндай операцияларға әдетте жарты сағат уақыт жұмсайды», деп жазады автор.


Төмен зейнетақысы өмір сүру жасын азайтады -
Der Standard



null

Зерттеушілердің айтуынша, аз зейнетақы алатын зейнеткерлер көп зейнетақы алатындарға қарағанда бес жылға аз өмір сүрді, деп жазады Австрияның Der Standard басылымы.

«Австриядағы демографиялық зерттеулер институтыты зертетушілерінің айтуынша, 2005 жылы өте жоғары зейнетақығы іліккен 65 жастағы зейнеткерлер тағы 19 жыл өмір сүрген. Ал табысы аз зейнеткерлер 80 жасқа да жете алмаған. 2015 ждылы олардың өмір сүру ұзақтығында 4 жыл ерекшелік болса, 2016 жылы бес жылға жеткен», деп жзады басылым. Автордың айтуынша, ғалымдар соңғы жиырма жылда байлар мен кедейлердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық анағұрлым ұзарғанын айтқан.


Ғалымдар қара құрдымды суретке түсірді - The Telegraph




null

Астрономдар алғаш рет қара құрдымды жақыннан суретке түсірді. The Telegraph басылымының жазуынша, бұл жағдай Альберт Эйнштейннің теориясын дәлелдей түсті.

«Қара құрдымды жақыннан суретке түсіру жобасы 2012 жылы басталған. Қара құрдымды ешкім көрмесе де, оның тартылу күші тіпті жарықты да кері қайтармайтыны белгілі. 200 ғалымнан тұратын топ 8 телескоп арқылы қара құрдымның жақыннан түсірілген суретін алды. Бұл сурет Эйнштейн теориясының визуалды дәлелі бола алады», деп жазады басылым.

«Біз адамзатқа Жер шарынан шығатын есік саналып кеткен қара құрдымды алғаш рет көруге мүмкіндік бердік. Біздің топ осы жобаға ондаған жылын арнады. Бұл жаңалық біздің дәуіріміздің ең басты оқиғаларының біріне айналады», дейді ғылыми орталық директоры Шеп Доулмен.


Әлемдік экономикаға АҚШ пен Қытай кері әсер етіп жатыр - Project Syndicate



null

Project Syndicate басылымының жазуынша, АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы әлемдік экономикаға кері әсер етіп жатыр. Автордың айтуынша, әлемдік экономикадағы дағдарысты болдырмау үшін АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысын тоқтату керек.

«Әлемдік экономикаға АҚШ пен Қытайдың экономикалық татулығы керек. Екі тарап өздерінің үлгісі бойынша дамуға құқылы екендігін түсінгендері жөн. АҚШ қытай экономикасын өзінің капиталистік нарықтық экономикасы үлгісіне қарай өзгертуге тырыспағаны жөн. Ал Қытай Американың жұмыс күші мен технологияларға қатысты алаңдауын түсіне білуі керек», деп жазады автор. Оның айтуынша, бұл жағдай еріксіз АҚШ пен КСРО қарым қатынасын ескі түсіреді.

«Социалистік және капиталистік жүйе арасындағы шиеленіс АҚШ КСРО жағдайында тиімсіз екені анық көрінді», дейді автор. Оның айтуынша, АҚШ Қытайдың өндірістік саясаты америкалық компнияларға бизнес жүргізуді қиындатып қойғанынаалаңдаулы.

«Бұл жағдайға қатысты Дональд Трамп Қытай америкалық бизнеске қатысты талаптарды өзгертпесе қытай экспортына 200 миллиард $ салық салатынын айтқан еді. Ал Қытай бұған келіспей отыр», деп жазады автор.


Ассанж журналист пе, қылмыскер ма? - The
Washington Post



null

Викиликс негізін қалаушылардың бірі Джулиан Ассанж ұсталғалы әлем назары осы оқиғаға ауды. Дегенмен, шулаған халықты басу үшін Ассанждың журналист емес, қылмыскер екенін айтушылар көбейді. Бұл туралы The Washington Post жазды.

«Джулиан Ассанж журналист пе? АҚШ әділет министрлігі бұл сұраққа мүлдем жауап бермеді. Дегенмен, министрлік Ассанжға бұрын құпия болған айып тағып отырғаны белгілі. Яғни, Ассанж АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші өзгеріс бойынша қорғала ала ма деген сұрақ туындап отыр. Ал ссанждың адвокаты Барри Поллак Джулиан Ассанж ісінде оның журналист екені ескерілуі керек.

«Джулиман Ассанж халыққа қажетті, халықты қызықтырған ақпаратты таратты. Бұл журналистің міндеті», дейді оның адвокаты.

Ассанж Нью Йорк Тайм пен басқа да басылымдармен байланыста болып, жарияламас бұрын оларға „Викиликс" файлдарын көрсеткен. Бұл жерде Викиликстегі бұл құжаттар АҚШ демократиялық партиясы Ұлттық комитетінің серверінен ұрланған материалдар болғаны үлкен қиындық туғызып отыр.

«Әділет министрлігі Ассанжға сауатты түрде айып тағып отыр. Яғни, Ассанж құпия матреиалдың жарияланғанына емес, ұрланғанына қатысты айыпталды. Сол себепті баспасөз бостандығын қолдаушылардың көбі Ассанждың қамауға алынғанын естіген бойда одан бойын алшақтатуға тырысып жатыр», деп жазады басылым.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, БАҚ,
Жоғары қарай